06.11.2024

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі

Мектептегі жарақаттанудың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында CTS көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері 19 оқу орнының директорларымен және балаларымен алдын алу іс-шараларын өткізді.

Мамандарымыз:
- Мектептер мен колледждер маңындағы жол белгілерін, бағдаршам сигналдарын және өткелдерді сақтау ережелерін;
- Көлік карталарын сатып алу және пайдалану тәртібі, сондай-ақ қоғамдық көлікті пайдалану кезінде оларды міндетті валидациялау қажеттілігі туралы айтып өтті.
Жолдардағы оқушылардың қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілмек.


Тізімге оралу

KZ  RU