01.10.2020

Қарттар күніне орай шара ұйымдастырылды

Қарттар күніне орай шара ұйымдастырылды

Әлеуметтік жауапкершілік аға буында жоғары дамыған сезім екені жасырын емес. Олардан үйренетініміз көп. Ата-әжелер біздің ең жауапты жолаушыларымыз! Бүгін Қарттар күніне орай біз оларға ерекше ілтипат білдіргіміз келді.
Орталық кассада құрметті жастағы келушілерімізге плед пен қолшатыр сыйладық. Жылы пледтеріміз қыстың ең суық күнінде жылытады, ал қолшатыр нөсер жаңбырдан да қорғайды деп сенеміз.
Барлық егде жастағы адамдарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт пен шаттық тілейміз!


Тізімге оралу

KZ  RU