23.06.2022

Билетсіз жолаушылар бойынша Рейд

Билетсіз жолаушылар бойынша Рейд

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері билетсіз жолаушыларды анықтау бойынша күнделікті рейдтерді жалғастыруда. Көбінесе "қояндар" жол жүру ақысын КБД қызметкерлері пайда болған кезде ғана төлейді. Тек өткен аптада (14-21 маусым аралығында) 970 жолаушы жауапкершілікке тартылды.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап КБД қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 60 487 фактісін анықтады, оның ішінде 6 834 жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-бөлігі бойынша жалпы сомасы 41 млн теңгеден астам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Салыстыру үшін, 2021 жылдың қорытындысы бойынша КБД қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 222 415 фактісін анықтады, оның ішінде 9900 жолаушы жалпы сомасы 57 млн теңгеден астам сомаға жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, көліктік бақылау департаменті қоғамдық көлік жүргізушілерінің аялдамаларға кірмеуіне, қозғалыс аралығын сақтамауына, қозғалыс схемасын өзгертуіне және т. б. мониторинг жүргізеді.

Барлық бұзушылықтар бойынша көліктік бақылау департаментімен қажетті шаралар қабылданады және автобус парктерінің басшылығына жүйелі бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар беріледі.

City Transportation Systems компаниясы жолаушыларды автобустағы жолақысын адал төлеуге шақырады. Қоғамдық көліктің одан әрі дамуы (жылжымалы құрамды жаңарту, маршруттарға автобустар қосу және жаңа бағыттарды іске қосу), ең алдымен, осыған байланысты.


Тізімге оралу

KZ  RU