24.11.2021

Бір жақты қозғалысы бар жаңа учаске

13 қарашадан бастап «Сулы-жасыл желекжол» ТК бойымен Нұржол желекжолынан Қонаев көшесіне дейін бір жақты қозғалыс енгізіледі. Бұл шешім көліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және қозғалысты бұғаттауды болдырмау мақсатында тұрғын үй кешені тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша қабылданды.
Айта кетейік, аталған шешім «Есіл» ауданы әкімдігімен және «City Transportation Systems» ЖШС-мен бірлесіп қабылданды.
Жүргізушілерден сақ болуды және жол жүру ережелерін сақтауды сұраймыз.

Тізімге оралу

KZ  RU