27.01.2026

Бірнеше бағдарға автобустар қосылды

Құрметті жолаушылар!

Көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, 4 қалалық және 3 экспресс бағдарларында жүретін автобус саны артты:
- № 20 бағдар – 19 автобус (бұрын 17);
- № 60 бағдар – 18 автобус (бұрын 16);
- № 63 бағдар – 19 автобус (бұрын 17);
- № 78 бағдар – 10 автобус (бұрын 8);
- № 501 бағдар – 10 автобус (бұрын 8);
- № 502 бағдар – 10 автобус (бұрын 8);
- № 505 бағдар – 10 автобус (бұрын 8).

Сондай-ақ, № 63 бағдардың демалыс күнгі жүретін автобус саны 4 артып, барлығы 14 автобус қызмет көрсетеді.

Автобус санын арттыру күту уақытын қысқартуға және сапарларды ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

Қоғамдық көлік қызметін жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады.

Тізімге оралу

KZ  RU