Құрметті жолаушылар!
Астана қаласының Көлік және жол - көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының dorogi_transport_astana мәліметіне сәйкес
Ағымдағы жылдың 20-24 шілде аралығында Ш.Құдайбердіұлы даңғылында жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Осыған байланысты аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады, сондай-ақ, №№ 5, 5А, 9, 11, 28, 60, 13, 15, 15А, 41, 48, 51, 64 маршруттарының қозғалыс схемалары уақытша өзгереді.
Маршруттардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.