RTVM-автоматтарда;
CTS кассаларында;
лезде толтыру пункттерінде.
RTVM-автомат арқылы көлік картасын толтыру мен қажетті тарифті сатып алу үшін, "толтыру" белгішесін басып, "көлік әмияны" және/немесе "тарифті" таңдау керек. Осыдан кейін ақша сіздің картаңызға тез аударылады.
Сонымен қатар көлік карталарын арнайы кассаларда және лезде толтыру пункттерінде де толтыруға болады. Қаламызда осындай арнайы кассалардың жалпы саны -7. Ал лезде толтыру пункттерінің саны 200-ден асады. Ең жақынын таңдап, картаңызды оңай толтырыңыз.