26.06.2023

"CTS" алғашқы медициналық көмек көрсету техникасы бойынша тренинг өткізді

«Шұғыл көмек көрсету дағдылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқама» 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары мен регламенті шеңберінде «CTS» ЖШС қызметкерлерін оқыту кестесіне сәйкес, Көлік мамандарының біліктілік орталығының және Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері шұғыл көмек көрсету стандарттары бойынша тренинг өткізді.

Шұғыл көмек көрсету стандарттары бойынша тренингті бұрын әскери міндетті, азаматтық қорғаныс бойынша мейірбике болған Көлік мамандарының біліктілік орталығының оқытушысы Б.Б. Нұғыманова жүргізді.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер К.С. Сүлейменов.

CTS қызметкерлері келесі жағдайларда дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету дағдыларымен таныстырылды:

- сананың жоғалуы (естен тану)
- қан кету, қан кету түрлері
- инсульт және инфаркт
- бөтен денелердің тыныс алу жолдарына түсуі

Тренинг барысында қызметкерлер жасанды тыныс алдыруды, жүрекке жанама массаж жасауды, инсульт пен Миокард инфаркті кезіндегі әрекеттерді дұрыс жасауға машықтанды, сондай-ақ Геймлих техникасын (жоғарғы тыныс алу жолдарының обструкциясы кезінде), қан кету түрлерін, қан кетуді тоқтауды, естен тану, сыну, буын шығу т.б. меңгерді.

Алған білімдерін бекіту үшін қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсетудің дәлдігін көрсететін қадағалары бар манекенде жаттығып көрді.

Тренинг нәтижесінде қызметкерлер әр жағдайдың белгілерін көзбен қарап анықтау және адамды құтқару үшін шешім қабылдау дағдыларына үйренді.


Тізімге оралу

KZ  RU