26.06.2023

CTS қосымшасында енді велосипедті жалға беру сервисі қол жетімді!

Құрметті пайдаланушылар, жаңа функция сіздерге жақын маңайдағы велостанцияны тез және ыңғайлы табуға, қолайлы велосипедті таңдауға және жолға шығуға мүмкіндік береді.

Сервис сізге жақын маңайдағы велостанцияны, онда бос велосипед бар-жоғын білуге көмектеседі.

Сондай-ақ, қосымшада велосипедті жалға алу үшін абонемент сатып алып, бағдарыңызды жоспарлауға болады.

Қосымшаны бұрын орнатқан пайдаланушылар оны жаңартуы қажет.
Сапарларыңыз сәтті болсын!!!

Тізімге оралу

KZ  RU