Қысқы кезең қарсаңында CTS басшысы жылжымалы құрамның маусымдық ауа райы жағдайларына дайындық мәртебесін тексерді
City Transportation Systems Басқарма төрағасы Ғани Тәжиев дайындық сапасын тексеру мақсатында елорданың автобус парктерін аралап шықты, атап айтқанда:
- автобус парктерінің техникалық жабдықталуы мен гараж жабдықтарын, жылжымалы құрамның техникалық және санитариялық жағдайын тексерді.
- автобустардың желіге шығарылуының қамтамасыз етілуі, жылжымалы құрамның ұзақ жөндеуден шығарылу жағдайы, жүргізушілер құрамын оқыту деңгейі тексерілді.
Сондай-ақ, Ғани Тәжиев автобустардың барлық жүйелерінде жазғы сұйықтықты қысқы сұйықтыққа ауыстыру жөніндегі тексеруге аса көңіл бөлді.
Аккумуляторлардың, тежегіш жүйелерінің және автобус салондарындағы жылытқыштарды, тұрақ бокстарындағы, жөндеу аймағындағы және цехтардағы қақпалар мен терезелердің жылытылуын тексеруге ерекше назар аударды.