15.09.2022

CTS басқарма төрағасы ЕҰУ-да дәріс оқыды

 CTS басқарма төрағасы ЕҰУ-да дәріс оқыды

CTS Басқарма төрағасы Е.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне дәріс оқыды.

Дәрісте жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі тақырыбы, «тұрғынның бірыңғай картасы» жобасы қозғалды, Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрақ кеңістігі мен велошерингті одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ, CTS басшысы:
- елорданың қоғамдық көлігі,
- компанияның негізгі функциялары,
- «Қаланың жаңа көлік жүйесі» атты жоба туралы айтып өтті.

Ғани Тәжиев орталық диспетчерлік қызмет пен трафикті басқару орталығының жұмысын ерекше атап өтті, өйткені осы қызметтердің бірінде жұмысын бастай отырып, студенттер келесі бағыттарда дами алады:
- Бағдарлық жоспарлау;
- Кесте және сервистік деректер;
- Жол қозғалысын ұйымдастыру;
- Көлік инфрақұрылымы;
-Техникалық мониторинг.

Естеріңізге сала кетейік, City Transportation Systems және Еуразия ұлттық университеті арасында «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» кафедрасын құру туралы меморандумға қол қойылғанына 10 жылдан астам уақыт болды, оның мақсаты: өндіріспен байланысты нығайту, мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру болып табылады.


Тізімге оралу

KZ  RU