Биылғы жылдың басынан бастап Көлік мамандарының біліктілік орталығында 900-ден астам адам оқытылды. Оның ішінде 411 қоғамдық көлік жүргізушілері, iKomek қызметінің 111 операторы, Көліктік бақылау департаментінің 54 менеджері және т.б.
Бүгін біз Біліктілік орталығында оқудан өтіп, тестілеу нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай жинаған қоғамдық көлік жүргізушілерінің арасынан үздіктерді атап өткіміз келеді: Райымқұлов Талап Кенжеғұлұлы, Нұржанов Әділбек Үсенбайұлы, Мақашев Есенғали Қажияқпарұлы.
Еске сала кетейік, CTS Біліктілік орталығында @cts_qc "оқимын" деушілер үшін халықаралық стандарттар бойынша білім беріледі:
⠀
- әртүрлі санаттағы жүргізушілерді дайындау және қайта даярлау;
- көлік мамандарының біліктілігін арттыру;
- кеңесшілерді оқыту;
- такси жүргізушілерін қайта даярлау;
- көлік кешені қызметкерлерінің кәсіби мәдениетін жоғарлату және т.б.
⠀
Сонымен қатар Орталықта психологиялық және психофизиологиялық тестілеу, жол қозғалысы ережелері мен нормативтік құқықтық актілер бойынша білімін тестілеу өткізіледі. Кәсіби шеберлікті арттыру үшін тәжірибелік сабақтар өткізіледі.
⠀
Орталықта дәріс оқитын залдар, теориялық және практикалық сабақтарды өткізуге арналған компьютерлік кабинеттер, сондай-ақ арнайы жабдықталған технологиялық кабинет бар.
⠀
Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр д-лы, 33, «Есіл» ауданы әкімдігінің ғимараты.
⠀
Жұмыс телефоны: 8 (7172) 27-01-07
What's App: + 7 (771) 958-29-17