Оқу бағдарламасы қоғамдық көлікте қызмет көрсету аясындағы құқықтық негіздерді, соның ішінде жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережелерін, жол ақысын төлеудің электронды жүйесін, елорданың көлік инфрақұрылымын, мүмкіншіліктері шектеулі тұлғаларға және тұрғындардың қозғалысы шектеулі топтарына қызмет көрсетуді қамтиды.
⠀
CTS біліктілік орталығында «iKomek» операторларымен қатар автобус жүргізушілері, Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері де біліктілігін үнемі жоғарылатып отырады. Сондай-ақ көлік, жол қауіпсіздігі және халыққа қызмет көрсету салаларында оқудан өтуге ниет білідіруші басқа да тұлғалар Орталықта оқудан өте алады.