2022 жылдың ішінде CTS @cts_qc біліктілік орталығында көлік саласының 1386 қызметкері оқудан өтті. Олардың арасында автобус, такси жүргізушілері, көліктік бақылау департаментінің, бақылау-желілік қызметтің қызметкерлері, полиция қызметкерлері және т. б. бар.
Естеріңізге сала кетейік, CTS Біліктілік орталығында "оқимын" деушілер үшін халықаралық стандарттар бойынша білім беріледі:
⠀
әртүрлі санаттағы жүргізушілерді дайындау және қайта даярлау;
көлік мамандарының біліктілігін арттыру;
кеңесшілерді оқыту;
такси жүргізушілерін қайта даярлау;
көлік кешені қызметкерлерінің кәсіби мәдениетін жоғарлату және т.б.
⠀
Сонымен қатар Орталықта психологиялық және психофизиологиялық тестілеу, жол қозғалысы ережелері мен нормативтік құқықтық актілер бойынша білімін тестілеу өткізіледі. Кәсіби шеберлікті арттыру үшін тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылады.
⠀
Орталықта дәріс оқитын залдар, теориялық және практикалық сабақтарды өткізуге арналған компьютерлік кабинеттер, сондай-ақ арнайы жабдықталған технологиялық кабинет бар.
⠀
CTS біліктілік орталығының мекен-жайы: Астана қаласы, Нәжімеденов көшесі, 10/1⠀
Жұмыс телефоны: 8 (7172) 27-01-07
What's App: + 7 (771) 958-29-17