CTS Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері Астана қ. Полиция департаментімен бірлесіп, елордадағы автобус парктеріне тексеру жүргізді.
Мақсат: Автобустардың рейс алдындағы техникалық тексерісін бақылау, жүргізушілердің медициналық тексеруінен өтуін қадағалау. Автобустарды желіге шығаруда механиктердің жұмысын бақылау.
Барлығы 1123 автобус тексерілді: «№ 1 автобус паркі» АҚ – 722 автобус, «№ 3 автобус паркі SK» ЖШС – 103 автобус, «№ 4 автобус паркі» мен «Аби Астана» ЖШС – 87 автобус, «Жорға МТ» және «№ 6 автобус паркі» ЖШС – 97 автобус, «№ 7 автопаркі» ЖШС – 73 автобус, «Елорда Транс» ЖШС – 41 автобус.
Техникалық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты 10 автобус желіге шығарылмады. Автопарк механиктері мен жүргізушілеріне қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырылды.
Осындай тексерулер жиі өткізіліп тұрады. Көліктің техникалық тұрғыда қалыпта болуы жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.