Құрметті жолаушылар!
Енді көлік картасын сатып алу өте ыңғайлы!
19 желтоқсаннан бастап CTS көлік карталарын (Transcard) iStop сауда-аялдама павильондарында сатып алуға болады. Астана қ. осындай 20 павильон жұмыс істейді.
Сонымен қатар, көлік карталарын CTS-тың арнайы кассаларында да сатып алуға болады. Картаның бағасы – 1 000 теңге.
Еске саламыз, жеңілдікпен берілетін және оқушыларға арналған карталарды ресімдеу CTS Орталық кассасында жүзеге асырылады.
Айта кетейік, электрондық жолақысын төлеу жүйесін онлайн платформасына көшіру аясында RTVM-автоматтары жыл соңына дейін алынып тасталады.