20.02.2025

CTS Көліктік бақылау Департаменті мен Астана қ. бойынша «Көліктік бақылау инспекциясы» ММ өкілдерімен бірлескен шығуы

CTS көліктік бақылау қызметкерлері Астана қаласы бойынша «Көліктік бақылау инспекциясы» ММ өкілдерімен бірге жолаушыларды тасымалдау қағидаларының сақталуын тексеру мақсатында жоспарлы рейд жүргізді.

26 бірлік автобус тексеріліп, 5 бұзушылықтар анықталды: өрт сөндіргіштің бекітілмеуі, медициналық қобдишаның толық жабдықталмауы, автобус салоны еденінің жамылғысының зақымдалуы.

Жолаушылар жайлылығы мен қауіпсіздік арттыру жұмыстары жалғасады!

Тізімге оралу

KZ  RU