28.08.2020

Қаланың көлік тораптары тікұшақ арқылы тексерілді

Қаланың көлік тораптары тікұшақ арқылы тексерілді

"City Transportation Systems" компаниясы көптеген жобалар мен міндеттерді іске асырып келеді.
Бұл зияткерлік көлік жүйесі, қоғамдық көлікті диспетчерлеу, қоғамдық көліктің бағдарлар жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ осы жылдан бастап елордалық велошеринг бойынша қызмет көрсете бастадық.

Өз жұмысымызды тұрақты бақылап отырамыз және қоғамдық көлікті жолаушыларға ыңғайлы ету үшін қызмет етеміз. Таңғы және кешкі уақыттағы көлік ағынын анықтау мақсатымен қаланың барлық күрделі көлік тораптарын әуеден тексеріп көрдік.

Мамандарымыз қаланың басты көлік желілерін, үлкен айналма жолды, сондай-ақ қала шетін тексеріп көрді.

Көлік ең көп жүретін – Тұран, Сарыарқа, Бөгенбай батыр, Мәңгілік ел, Абай, Момышұлы даңғылдарда, Сарайшық, Сейфуллин, Қонаев көшелерінде, М1, М2 жол айрықтарында жол кептелістері бақыланды.

Әуеден жасалған тексеру нәтижесі туралы қосымша хабарлап отырамыз. Жаңалықтарымызды оқып жүріңіздер!


Тізімге оралу

KZ  RU