15.10.2022

CTS мамандары Binom мектебінде дәріс өткізді. Қаныш Сәтбаев

CTS мамандары Binom мектебінде дәріс өткізді. Қаныш Сәтбаев

Бүгін Қаныш Сәтбаев атындағы Binom мектебінде ҰБТ тапсыру үшін физика/математика пәндерінің комбинациясын таңдаған түлектер үшін кәсіптік бағдар өтті.
Іс-шарада түлектер политехникалық және аграрлық мамандықтар бойынша тәжірибелі мамандармен бетпе-бет кездесіп, қызығушылық танытқан мамандықтар бойынша кеңес алды.

Спикерлердің бірі CTS көлікті үйлестіру департаменті директорының орынбасары Әділ Сайынов болды. Ол түлектерге транспортшы мамандығын не үшін таңдағаны, оның артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы толығырақ айтып берді.

Сонымен қатар, ол біздің компанияның қызметі туралы айтып, түлектерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.


Тізімге оралу

KZ  RU