"City Transportation Systems" ЖШС-де компания қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша дәріс өтті. Спикерлер ретінде "Astana-Adaldyq alany" жобасының жетекшісі Бақдәулет Жанділдаев және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Данияр Раимбаев сөз сөйледі.
Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, мемлекеттік аппараттың парасаттылығын арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен мөрдірлігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда азаматтық қоғамның рөлін арттыру жөніндегі бастамалар егжей-тегжейлі қозғалды.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру аясында Мемлекет басшысы 7 бөлімнен тұратын және қол жеткізілген нәтижелерді, халықаралық стандарттар мен алдағы кезеңге арналған стратегиялық мақсаттарды ескеретін тұтас сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі дамытуды көздейтін 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекітті.