Біздің қызметкерлеріміздің арасында көлік саласында 40 жылдан астам уақыт жұмыс істейтіндер бар, осылайша бүкіл өмірін осы кәсіппен байланыстырды.
Бүгінде олар елорданың көлік кешенін дамыту үшін жұмысын жалғастыруда.
Ольга Николаевна Ковальская - CTS орталық диспетчерлік қызметінің операторы. Көлік саласында 40 жылдан астам жұмыс істейді. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Гүлнар Құрмашқызы Омарова - CTS орталық диспетчерлік қызметінің операторы. «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен марапатталған. Көлік саласындағы үздіксіз жұмыс өтілі - 39 жыл.
Биназар Құрмағанбетұлы Сексенбаев - CTS көлікті үйлестіру департаментінің бас менеджері. «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен марапатталған. Көлік саласындағы үздіксіз жұмыс өтілі - 37 жыл.
Сондай-ақ, CTS көліктік бақылау департаментінің директоры Самат Ермекұлы Шаймерденов саланың үздік қызметкері деп танылды. «Үздік автокөлікші» төсбелгісімен марапатталған. Көлік саласындағы үздіксіз жұмыс өтілі - 12 жыл.
Қымбатты әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!