Оқу жылының басталуымен көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері мектептер мен оқу орындарының жанында орналасқан аялдамаларда оқушылар мен олардың ата-аналарына қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері мен жол қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кішкентай жолаушыларымызға кітапқа арналған бетбелгі үлгісінде жасалған жадынама үлестіреді.
Сондай-ақ, мектеп көлік картасын қалай рәсімдеуге және пайдалануға болатындығы туралы ақпарат береді. Автобуста валидация жасаудың маңыздылығы туралы түсіндіреді.
Біздің мақсатымыз - кішкентай жолаушыларымызды қоғамдық көлікте қауіпсіз және еркін жүруге үйрету.