16.09.2020

Басқарушы директор Д. Нұралиев қолма-қол ақшасыз төлем түрлері туралы

Басқарушы директор Д. Нұралиев қолма-қол ақшасыз төлем түрлері туралы

Бүгін, 16 қыркүйекте "City Transportation Systems" Facebook ресми парақшасында Басқарушы директор Дәурен Нұралиев Нұр-Сұлтан қ. қоғамдық көлігінде ақшасыз төлем жасау жолдары және жалпы төлем жүйесі туралы айтып берді. Мәселен, тұрғынның бірыңғай картасы туралы.
Естеріңізге сала кетейік, қазір елордамыздың автобустарында төлем тек қолма-қол ақшасыз жасалады.
Жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеудің бірнеше түрі бар. Ол: көлік картасы, QR-код және SMS.
SMS арқылы төлем үшін барлық байланыс операторлары қолжетімді, ал QR-код арқылы Kaspi.kz, Homebank, OYBY, Рахмет және т.б. қосымшаларында төлеуге болады.
Сондай-ақ Дәурен Серікұлы әзірленіп жатқан жаңа әдістерге тоқталып өтті. Оған FacePay, банк картасы арқылы төлем жасау, байланыссыз төлем (білезік және т.б.) жатады.
Көлік карталарының иелеріне ыңғайлы болу үшін тек сайтта ғана емес, сондай-ақ Transcard қосымшасында да тіркелу мүмкіндігі қарастырылған. Картаңыздағы барлық қаражат жүйеде көрсетіліп, архивте сақталады. Кез келген уақытта теңгерімді тексеріп, картаңызды жоғалтқан жағдайда қаражатты басқа картаңызға жүктеуге болады.
Эфирдің толық нұсқасын Facebook парақшамыздан көре аласыздар.

Тізімге оралу

KZ  RU