Достар, «Bus Lane» жобасы елордамызда 2015 жылдан бастап іске асырылып келеді.
Бұл қоғамдық көліктің кедергісіз қозғалуы үшін қала көшелерінде арнайы бөлінген қозғалыс жолағы.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында осындай 24 автобус жолағы бар. Олардың жалпы ұзындығы 77 шақырымды құрайды.
Бұл өз кезегінде сапар уақытын 14% қысқартты.
Сондай-ақ бөлінген жолақ бойынша ресми такси, арнайы қызметтер жүре алады. Олардың ішінде жедел жәрдем мен өрт сөндіру техникасы бар.
Айта кетейік, қазіргі кезде автобус жолақтарын кеңейту үшін 13 қосымша учаскі қарастырылып жатыр.