Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Сізден қоғамдық көлікпен де, жеке автокөлікпен де жүргенде сапарларыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Әсіресе, жолдарда кептелістер пайда болған кезде. Сапарларыңызды алдын-ала жоспарлау мен құру үшін 2ГИС, Яндекс.Карты мобильді қосымшаларына қолжетімді. Бұл қосымшаларда, сондай-ақ, автобустарды онлайн бақылау жұмыс істейді.
Біздің әлеуметтік желілердегі Instagram @cts_kz және Facebook @CityTransportationSystems парақшаларымызда бағдарлар қозғалысы сызбаларының уақытша өзгерістері, қала маңы бағдарларының кестесі және басқа да өзгерістер туралы ақпарат беріледі. Сондықтан, біздің парақшамызға жазылыңыз және барлық жаңалықтардан хабардар болыңыз.
Сонымен қатар, сізден жол жүру ақысын уақытылы төлеп, қоғамдық көлікте көлік карталарын валидациялауды сұраймыз.
Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күнделікті билетсіз жолаушыларды анықтау бойынша рейд жүргізеді. Көп жағдайда жол жүру ақысын «қояндар» КБД қызметкерлері көрген кезде ғана төлейді.
Айта кетейік, жыл басынан бері КБД қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтару бойынша 70 мыңнан астам фактіні анықтады. Оның ішінде 9 мыңнан астам жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-бөлігі бойынша жалпы сомасы 61 млн теңгеден асатын соммаға айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Төленген жолақы мен жүргізілген валидация негізінде біз сапарлар бойынша корреспонденция аламыз. Бұл өз кезегінде біздің мамандарға жолаушылар ағынының нақты көрінісін көруге көмектеседі, ал бұл дұрыс маршруттық желіні құру үшін негізгі элемент болып табылады (маршруттарды өзгерту және қосу, неғұрлым талап етілетін бағдарлардағы жүктемені азайту, маршруттарды бөлу).
Сонымен қатар, сіздің төлеген жолақыңыз елордалық қоғамдық көліктің дамуына үлес қосады. Бұл жанармай сатып алу, жүргізушілердің жалақысын төлеу, елорданың автобус паркін жаңарту.
Құрметті жолаушылар, сізден қоғамдық көлікте жүргенде жол жүру ақысын төлеуді сұраймыз! Жол ақысын төлеуден жалтарып, сіз қоғамдық көліктің дамуын бәсеңдетесіз. Есіңізде болсын, «қоянның» әрбір тегін сапары - бұл сіздің есебіңіздегі сапар.