01.07.2020

Жеңілдік санатындағы пайдаланышулар тізімі толықтырылды

Жеңілдік санатындағы пайдаланышулар тізімі толықтырылды

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап біз велосипедті жеңілдікпен жалға алатындар санын ұлғайттық.

Бүгін жеңілдігі бар абонементтер бойынша сұрақтарға жауап береміз.

Жеңілдікті қалай алуға болады?

Velobike.kz сайтында тіркеліп, растайтын құжатты бекіту керек.

Сайтта тіркелген, бірақ белсенді абонементі жоқ пайдаланушы болсаңыз, жеңілдікті қалай алуға болады?

iKomek қызметіне немесе бізге direct жазып, аккаунтты белсенсіз етуге өтінім қалдыру керек. Осыдан кейін Сіз растайтын құжатты бекіте аласыз.
Қолданыстағы абонемент болған жағдайда, жеңілдікті алуға және теңгерімді қайта есептеуге қалай болады?

Теңгерімді қайта есептеу жасалмайды. Қолданыстағы абонементтің мерзімі өтіп кеткеннен кейін ғана жеңілдігі бар абонементті алуға болады. Өкінішке қарай, маусымдық абонемент сатып алған жағдайда, осы маусымда жеңілдік ала алмайсыз.

Назар аударыңыз!

Бұл ақпарат велосипедті тек жеңілдікпен алатын пайдаланушылар үшін.

Тізімге оралу

KZ  RU