26.04.2022

Елордада «Bus Lane» тағы бір көшеде іске қосылды

Елордада «Bus Lane» тағы бір көшеде іске қосылды

Бүгіннен бастап, 25 сәуірде Нәжімеденов көшесінде Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін бөлінген «Bus Lane» автобус жолағы іске қосылды.

Осы учаскеде үлкен сұранысқа ие 2 бағдардың қозғалысы үшін артықшылық жасалды, олардың ішінде: №32 және 50, ал бұл 31 автобус.

Қоғамдық көліктен бөлек, «Bus Lane» арқылы жедел жәрдем мен өрт сөндіру техникасы қозғала алады. Нәтижесінде олардың келу уақытын едәуір қысқартты.

Айта кетейік, Нәжімеденов көшесінде бөлінген жолақты қосқанда, Нұр-Сұлтан қаласында «Bus Lane» жобасы жалпы ұзындығы 74,6 км болатын 26 жол учаскесінде жүзеге асырылуда.

Көлік жүргізушілері осы өзгерістерді назарда ұстап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Тізімге оралу

KZ  RU