Көлік бақылау департаменті мемлекеттік органдармен бірлесіп, елорданың автобус парктеріне тұрақты түрде шығып, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоғамдық көліктегі жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізеді.
Бірлескен тексеріс барысында автобустардың рейс алдындағы техникалық байқауына және жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексерісіне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар автобустарды желіге шығаруға жауапты инженерлік-техникалық қызметкерлердің (механик, инженер) жұмысының сапасы да тексерілді.
Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.