Биылғы жылы велосипед маусымы 25 сәуірде ашылып, қала тұрғындарына велосипедті жалға беру қызметтері 2 айдан астам уақыт бойы қолжетімді.
Осы уақыт ішінде велошеринг қолданушылары 95 195 рет жалға алып, 238 170 км жол жүріп өткен.
Velobike.kz сайтында тарифтермен танысып, абонемент сатып алуға болады.
Азаматтар мен студенттердің жеңілдікті санаты үшін маусымдық және тоқсандық абонементтерге 50% жеңілдік бар.
Азаматтардың жеңілдікті санатына кімдер жататыны туралы ақпарат та сайтта орналастырылған.
Сапарларыңыз сәтті болсын!