17.09.2024

Елорданың автобус паркі 55 жаңа автобуспен толықты

Елордалық қоғамдық көлік паркі 55 жаңа 12 м “Yutong” маркалы автобуспен толықты.

Оның 26-сы толығымен жабдықталып, бағдарларға шықты. Жабдықталу аяқталғаннан соң қалған 29 автобус та іске қосылады.

Биыл 320 автобус сатып алуға жоспарланған, оның қазіргі уақытта көп бөлігі жеткізілді және линияда жүр.

Бұл автобустар желідегі автобустардың санын арттыруға, осылайша күту аралығын қысқартуға. Жаңа бағыттарды іске қосуға, ескі автобустарды кезең-кезеңімен алмастыруға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, жыл басынан 5 жаңа бағыт іске қосылды, 23 бағытта автобус саны 55 бірлікке артты.

Жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстары жалғасады.

Тізімге оралу

KZ  RU