Бүгінгі таңда елорданың автобус парктері күзгі-қысқы кезеңге кешенді дайындық жүргізуде: жылы және ашық тұрақтарды дайындығын аяқтау, автокөлік жуу орындарын қажетті жабдықтармен жабдықтау, жанар-жағармайды үзіліссіз жеткізу шарттарын жасау, автобустар үшін қысқы сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету, жылжымалы құрамның техникалық жай-күйін және олардың жылыту жүйелерін тексеру.
Естеріңізге сала кетейік, елордада 8 автобус паркі жұмыс істейді, оның 1-і коммуналдық және 7-і жеке меншік. Автобус парктерінде 1625 автобус бар. Күн сайын қала көшелеріне 100 маршрут шығады, оның 74-і қалалық бағыттарда, 26-сы қала маңы бағыттарында қызмет көрсетеді.