20.09.2022

Елорданың автопарктеріндегі жыл сайынғы жедел алдын алу іс-шарасы

Елорданың автопарктеріндегі жыл сайынғы жедел алдын алу іс-шарасы

Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері көлік бақылау департаментімен бірлесіп жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.

Көлік құралдары желіге шығар алдында:
1.Автобустардың техникалық жағдайы.
2.Автобустардың жылу жүйесі жұмысының жарамдылығы.
3.Дәрі қобдишасының және оның жиынтықтамасының болуы тексерілді.

16-20 қыркүйек аралығында автобус парктеріне мониторинг жүргізу барысында көлік құралдарының техникалық-жарамсыз жағдайы бойынша бірқатар жалпы әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ автобустардың сыртқы жарықтандыру жүйесіндегі бұзушылықтар бойынша айыппұл салынды.

Құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылғаннан кейін бірнеше көлік құралы ақаулықтарды жойғанға дейін желіге жіберілмеді.

ЖАІ қорытындылары бойынша қызметкерлер жүргізушілерге жол қозғалысы қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулық өткізді. Өйткені жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жолда жылдамдық режимін, қашықтық пен қозғалыс аралығын сақтау маңызды.


Тізімге оралу

KZ  RU