24.11.2021

Елорданың бірқатар көшелерінде қозғалыс сызбасы өзгереді

Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар көшелері көлік қозғалысының сызбасын өзгертеді.
Жаяу жүргіншілер өтпелері алдындағы бұрылу алаңдары көше-жол желісінің жүктемесін азайтуға оң әсерін тигізді. Осылайша, бұл шешім көшелердің тағы 5 учаскесінде енгізілетін болады: үшеуі Оңғарсынова көшесінде, біреуі Назарбаев орталығы ауданында Бөкейхан көшесі бойынша және біреуі №76 орта мектеп ауданында Керей Жәнібек хандар көшесінде.
Мәңгілік ел даңғылы – Ұлы дала даңғылы (Бөкейхан көшесінен), Тәуелсіздік даңғылы – Нәжімеденов көшесі (Қалдаяқов көшесінен), Түркістан көшесі – Керей Жәнібек хандар көшесі (Алматы көшесінен) қиылыстарында солға бұрылуға тыйым салу жоспарлануда.
Сондай-ақ бағдаршамның қосымша секцияларын орнату жұмыстары белгіленген: Айтматов көшесі – Мұхамедханов көшесі оңға Қорғалжын тас жолы бағытында, Мәңгілік Ел даңғылы – Бұқар Жырау көшесінің қиылысы солға Түркістан көшесіне қарай, Сарыарқа даңғылы - Сейфуллин көшесінің қиылысы қолданыстағы «+» жарық сигналы қосымша солға бұрылу секциясына ауыстырылады.
Барлық жоспарланған іс-шаралар 2021 жылдың қыркүйек айының соңына дейін іске асырылатын болады.
Айта кетейік, аталған өзгерістерді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі полиция департаментімен бірлесіп жолдардың өткізу қабілетін арттыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоспарлап отыр.
Жол қозғалысына қатысушылардың барлығын қырағы болып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Тізімге оралу

KZ  RU