Көлікті бақылау Департаменті қызметкерлері Астана қ. ӘПБ және ПД қызметкерлерімен бірлесіп, автопарктерге тұрақты түрде шығу жұмыстарын жүргізіп, автобустардың рейс алдындағы техникалық жай-күйіне бақылау жасайды. Тексеру барысында алдыңғы әйнектерде жарықтардың болуы, жүріс бөлігінің жағдайы, сондай-ақ бұрылыс көрсеткіштерінің, электр жабдықтарының және рульдік басқарудың жұмысқа жарамдылығы қаралады.
Сонымен қатар, автобустарды желіге шығаратын механиктердің рейс алдындағы техникалық тексеру талаптарын сақтауына бақылау жүргізіледі.
Автопарктерде жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруі жүзеге асырылады, оның ішінде артериялық қысымды өлшеуге арналған тонометрлердің, сондай-ақ адамның тынысынан алкоголь мөлшерін анықтайтын алкотестерлердің болуы және қолданылуы тексеріледі.
Сондай-ақ Астана қаласы бойынша Көлік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, тасымалдаушылардың елордада Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын сақтауын бақылау мақсатында соңғы аялдамаларға бірлескен рейдтік шығулар ұйымдастырылады.
Мониторинг жүргізу барысында ерекше назар келесі мәселелерге аударылады:
жол парақтарының болуы және жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуі;
пандустардың, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы орындардың болуы және жұмысқа жарамдылығы;
автобустың санитарлық-техникалық жағдайы;
өрт сөндіргіштер мен алғашқы медициналық көмек қобдишаларының болуы.