05.02.2020

Қала маңына қатынайтын автобустарда жолақыны kaspi.kz төлеуге болады

Қала маңына қатынайтын автобустарда жолақыны kaspi.kz төлеуге болады

Енді қала маңына қатынайтын автобустарда жолақыны kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлей аласыз.

Kaspi.kz қосымшасы арқылы жолақысын төлеу үшін:
- «Көлік» бөліміне өтіңіз;
- «Astana LRT» таңдаңыз;
- «Қала маңы. Көлік коды бойынша төлем» пәрменін таңдаңыз;
- Көлік кодын енгізіңіз (оны салондағы жапсырмалардан табуға болады), жөнелту аймағының нөмірін және тағайындалған аймақтың нөмірін таңдаңыз.

Дайын! Электрондық чекті мобильді қосымшаның төлемдер тарихынан көре аласыз.

Қала маңындағы аймақтардың картасы мен жол жүру бағасын https://transcard.kz/kz/fare/#suburban-table сайтынан көруге болады.

Сапарыңыз сәтті болсын!

Тізімге оралу

KZ  RU