Beeline абоненттері үшін SMS/QR төлеу кезінде жеңілдік беріледі.
• Үйден жұмысқа немесе жұмыстан үйге қайтқанда;
• Дүкенге ме, әлде жеке шаруаңыз бойынша;
• Қала ортасына серуенге шыққанда;
Осының бәрі енді 20% арзан, себебі науқанымыздың Нұр-Сұлтанда басталуын жариялаймыз!
Шарттар:
1. Қоғамдық көлікте жол ақысын SMS (көлік кодын 2505 нөміріне жіберіңіз) немесе «Мой Beeline» қосымшасындағы QR әлде көліктің ішіндегі код арқылы төлеңіз;
2. Теңгеріміңізден толық жол ақы алынады, бірақ оның 20% кэшбек түрінде қайтарылады. Осылайша, жол ақы 72 теңгені құрайды;
3. Билетіңіз SMS хабарлама түрінде келеді;
4. Науқан бойынша тәулігіне екі сапар қолжетімді. Үшінші сапардан бастап кэшбек қайтарылмайды.