Енді transcard.kz сайтында жеңілдігі бар және мектеп көлік карталарын жеткізуге тапсырыс беруге болады.
Сайтта өтінім қалдырыңыз және үйге дейін немесе "TASTAMAT" терминалына дейін картаны жеткізуге тапсырыс беріңіз. Ол үшін Орталық кассаға барудың қажеті жоқ.
⠀
Жеткізу екі тәсілмен жасалады:
"TASTAMAT" терминалдар жүйесіне дейін жеткізу бағасы — 300 теңгені құрайды.
курьер арқылы қажетті мекенжайға дейін жеткізу бағасы — 500 теңгені құрайды.
⠀
Жеткізуге қалай тапсырыс беруге болады?
⠀
1. transcard.kz сайтында электронды өтінім қалдырыңыз. Барлық талап етілетін бос орындарды толтырып, қажетті құжаттарды жүктеу қажет.
2. Мектеп және жеңілдігі бар карталарының шығарылымын төлеңіз. "Жіберу" батырмасын басқаннан кейін, төлем жасау парақшасына өтесіз.
3. Жеткізуге өтінім қалдырыңыз. Төлем жасағаннан кейін, "Сайтқа оралу" батырмасын басыңыз. Сіз картаны жеткізуге өтінім қалдыруға арналған парақшаға өтесіз. Тапсырыс нөмірін және SMS келетін кодты енгізу керек. "Жіберу" батырмасын басқаннан кейін, жеткізу сайтына өтесіз.
4. Жеткізуді рәсімдеңіз. Жеткізу тәсілін таңдап, осыдан кейін мекенжайыңызды толтырып, қызмет үшін ақыны төлеу керек.
⠀
Картаны жеткізу қызметі елорда тұрғындары мен оның маңындағы елді-мекендердің (Лесная поляна, Қосшы, Қоянды, Жібек жолы) тұрғындары үшін қолжетімді.
⠀
Жеткізу қызметі тек мектеп және жеңілдігі бар көлік карталары бойынша іске асырылады.
⠀
Басқа санаттар бойынша жоғары сұраныс туындаған жағдайда оларды да жеткізуді қарастырамыз.