30.08.2023

Ертең, 31 тамызда № 49 және № 57 жаңа бағдарлары линияға шығады

№ 49 жаңа бағдары «Көктал-2» - «Ұлы дала даңғылы» бағытында қатынайды және «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын алаптары, «Көктал» саябағын «Жағалау» тұрғын алабымен байланыстырады. Сондай-ақ, Ш.Айтматов, Сығанақ көшелеріне, Қабанбай батыр даңғылына көліктік қызмет көрсетуді жақсартып, «Dastur», «Home Land», «Athletic city» ТК тұрғындарын көліктік қызметпен қамтамасыз етеді. Бағдар бойынша 12-15 минуттық арақашықтықпен 10 автобус жүреді.

№57 бағдар «Төле би көшесі» – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы» қатынасымен Төле би көшесіне қызмет көрсетуге, А.Байтұрсынов көшесіне, Қошқарбаев даңғылына көліктік қызмет көрсетуді жақсартуға № 92 мектеп пен Айнакөл көшесі, «Хабар» ТК арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге, Ы. Алтынсарин атындағы Бином мектебіне қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, № 40 бағдардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бағдар бойынша 10 автобус 10-15 минуттық арақашықтықпен жүреді.

Бағдарлардың қозғалыс сызбалары желі учаскелеріндегі қолданыстағы қажеттілікті ескере отырып әзірленгенін атап кеткен жөн.


Тізімге оралу

KZ  RU