22.01.2020

Автобуста жолақысын SMS арқылы төлеуге болады

Автобуста жолақысын SMS арқылы төлеуге болады

Еске саламыз, автобуста жолақысын тез әрі оңай SMS арқылы төлеуге болады. Ол үшін сізге 2505 нөміріне автобустың кодын жіберу керек.

Мысалы, 11001. Автобус кодын салондағы жапсырмаларда таба аласыздар.

Сіздің телефоныңызға электрондық чек келеді. Сапар құны - 90 теңге.
Қала маңы бағдарларды пайдаланушылар үшін СМС хабарлама мәтінінде көлік кодын теріп, жөнелту аймағының нөмірін таңдап, межелі аймақтың нөмірін жазу керек.

Мысалы, көлік коды 11001, жөнелту аймағының нөмірі 1 және межелі аймақтың нөмірі 2, онда мәтін мынадай болады: 11001 12.  Бес таңбалы кодтан кейін бос орын қалдыруды ұмытпаңыз. Қала маңындағы аймақтардың картасы мен жол жүру құнын сілтеме арқылы өтіп көре аласыздар https://transcard.kz/ru/fare/#suburban-table

P.s. СМС арқылы жолақысын барлық абоненттер төлей алады.

Тізімге оралу

KZ  RU