24.03.2023

Футбол жанкүйерлеріне матчтан соң қосымша бағдарлар ұйымдастырылады

Футбол жанкүйерлерінің назарына!

26 наурызда Астана- Арена стадионында футболдан Қазақстан мен Дания құрамаларының арасындағы матч өтеді.
Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін матчтан соң қосымша № 10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60, 303 қалалық және қала маңы бағдарлары ұйымдастырылады.

Автобустар жанкүйерлерді матчтан кейін аялдамаларда күтеді.

Матчтың басталуы – сағат 19:00

Жол жүру құны 90 теңге, төлем көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы жүзеге асырылады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.

Тізімге оралу

KZ  RU