26.01.2021

Ибрахим Саков автобус жүргізушісі болуды армандайды

Ибрахим Саков автобус жүргізушісі болуды армандайды

Шамамен бір жыл бұрын, оның туған күнінде біз елорданың бағыттарын білетін балаға экскурсия ұйымдастырдық. Біз Ибрахимге трафикті басқару орталығын, орталық диспетчерлік қызметті көрсеттік. Кішкентай келуші көлік бақылау департаментінің қызметкерлерімен автобуста жүріп, олардың жолаушылармен жұмысын бақылады. Сондай-ақ, Ибрахим елорданың ең үлкен автопаркінде болды, онда қызметкерлер экскурсия өткізіп, автобус жүргізушісі орнына отыруға рұқсат берді.

Бүгін Ибрахим республикалық байқауға өзінің жобасымен қатысып жатыр. Жобасы қоғамдық көлікпен байланысты.

Байқау алдында бала бізге тағы келді. Бұл жолы Басқарма Төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітовтен кеңес пен батасын алды.

Біз Ибрахимге байқауда жеңіске жетуіне және арманының орындалуына тілектеспіз!


Тізімге оралу

KZ  RU