27.01.2023

Ikomek 109 бірыңғай байланыс орталығының операторларын екі күндік оқытуы

«CTS» ЖШС Көлік мамандарының біліктілігі орталығының, Көлік бақылау департаментінің, Төлем жүйелері департаментінің, сондай-ақ Көлік үйлестіру департаментінің қызметкерлері Ikomek 109 бірыңғай байланыс орталығының операторларын екі күндік оқытуды өткізді.
Операторлар көлік карталарын пайдалану ережелері бойынша оқытудан өтті, Flash net бағдарламасының (бағдарларды қадағалау, келу уақыты және бағдарлардың орналасуы), жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінің жұмысымен таныстырылды. Сондай-ақ, Көлік бақылау департаменті мен Бақылау-желілік қызметі жұмыскерлерінің лауазымдық міндеттері туралы толық ақпарат берілді.


Тізімге оралу

KZ  RU