04.11.2025

Күдік тудыратын сілтемелерге өтпеңіз

Құрметті жолаушылар!

Әлеуметтік желілерде елорда автобустарында 6 айлық жол жүру карталары сатылатыны туралы ақпарат пайда болды.

CTS бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және 6 айлық жол жүру карталарын шығармайтынын хабарлайды. Күдік тудыратын сілтемелерге өтпеңіз. Тек ресми деректерге сенуді сұраймыз.

Елорданың қоғамдық көлігінде жолақысын төлеудің қолжетімді тарифтері туралы естеріңізге саламыз.

Айлық жол жүру - шектеусіз сапарлар саны бар тариф. Пайдалану мерзімі - сәйкесінше 1 айды және 3 айды құрайды.
- «Қала» - 7500 ₸;
- «Қала + Қала маңы» - 9 500 ₸;
- «Үш айлық жол жүру. Қала» - 20 000 ₸;
- «Қала + Экспресс» - 10 000 ₸;
- «Қала + Қала маңы + Экспресс» - 13 500 ₸

Тәуліктік жол жүру – сапарлар саны алынған мерзіміне сәйкес шектелмеген. Бірінші валидациядан кейін іске қосылады. Қалалық бағдарларда жарамды.
- 1 тәуліктік жол жүру - 500 ₸;
- 3 тәуліктік жол жүру - 1 500 ₸;
- 5 тәуліктік жол жүру - 2 000 ₸;
- 15 тәуліктік жол жүру - 4 000 ₸.

Ауысып отыру тарифтері - әрбір валидациядан кейін 60 минут ішінде 1 (бір) рет ауысып отыру қолжетімді. Бұл тариф тек қалалық бағдарларда жарамды.
- «Ауысып отырумен 15 сапар» - 2 000 ₸;
- «Ауысып отырумен 30 сапар» - 4 000 ₸.

Тарифтерді арнайы кассаларда немесе kaspi мобильді қосымшаcында сатып ала аласыздар.


Тізімге оралу

KZ  RU