25.01.2023

Көлік картасымен жасалған сапарлар туралы толық ақпаратты қалай алуға болады?

Елордадағы бағдарларда көлік картасымен жасалған сапарлар туралы толық ақпаратты transcard.kz сайтында  "Жеке кабинет" бөлімінен көруге болады.

Сапарлар туралы мәлімет тек сайтта "Жеке кабинет" бөлімінде картасын НЕГІЗГІ етіп тіркеген пайдаланушыларға беріледі.

Ақпарат 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жасалған сапарлар туралы беріледі.

Өтінімдерді өңдеу өтініш берілген сәттен бастап 2 сағатқа дейін жүзеге асырылады.

"Жеке кабинетте" ҚОСЫМША карталар ретінде тіркелген көлік карталары бойынша толық ақпарат ұсынылмайды.

Тізімге оралу

KZ  RU