15.12.2020

Көлік картасын қашықтан толтырған кезде, экранда көпшілікке арналған қоғамдық ұсыныс пайда болады. Сіз оған назар аударасыз ба?

Көлік картасын қашықтан толтырған кезде, экранда көпшілікке арналған қоғамдық ұсыныс пайда болады. Сіз оған назар аударасыз ба?

Қашықтан толтыру қызметін пайдаланғанда, экранда қоғамдық ұсыныс шығады, ол сізге төлемді активациялау қажеттілігі мен оны өңдеу 24 сағат ішінде жүзеге асырылатыны туралы хабарлайды. 24 сағат өткеннен кейін, төлемнің көлік картасына аударылуы үшін, сіз картаңызды белсендіруіңіз қажет. Ол автобустың валидаторына немесе RTVM автоматының «V» пішінді қалташасына қою арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ көлік картасын арнайы касса операторы арқылы активациялауға болады. Бұны төлем қабылданған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жасау керек. Егер төлем осы мерзімде іске қосылмаса, ол автоматты түрде бұғатталып, "архивке" түседі. Төлемді қалпына келтіру үшін, 109 iKomek нөміріне қоңырау шалып, өтініш беру немесе орталық кассаға бару қажет.

Қашықтан толтыру қызметін пайдаланған кезде неге ақша бірден картаға түспейді? Біз оффлайн қашықтан толтыру қызметін қолданамыз. Өйткені, төлем жасау кезінде, көлік картасы интернет желісіне байланысты болмайды. Көлік картасында сіздің барлық деректеріңіз сақталады және интернет болмаған жағдайда да, сіз кез келген уақытта картаңыз туралы ақпаратты ала аласыз. Бұл төлемдердің максималды қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, көлік картасын қашықтықтан толтыру үшін: QIWI, Касса24, Tenge терминалдарын, Kaspi.kz, WOOPPAY, Smart Astana, Homebank мобильді қосымшаларын, Казпочтаның барлық бөлімшері мен transcard.kz сайтын пайдалана аласыз.

Тізімге оралу

KZ  RU