14.06.2024

Көлік картасын ауыстыру мәселесі бойынша CTS Орталық кассасына жүгініңіз

Құрметті көлік карталарын пайдаланушылар!

CTS жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін жаңарту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар шеңберінде, кодтары өзгертілген көлік карталары анықталды. Осы анықталған көлік карталарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, олар бұғатталады және тегін ауыстыру жүргізіледі.

Картаның бұғатталғандығын қалай анықтауға болады?
1. Автобустағы валидаторға картаны қойғанда, экранда «Карта бұғатталды» деген хабарлама көрсетіледі.
2. iKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі бойынша хабарласу арқылы.

Көлік картасы бұғатталғаны нақтыланған жағдайда Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайы бойынша CTS Орталық мамандандырылған кассасына жүгінуіңізді сұраймыз. Онда көлік картасын тегін ауыстырып береді.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік білдіргеніңіз үшін алғыс білдіреміз.

Тізімге оралу

KZ  RU