Құрметті жолаушылар!
Жолақысын электронды төлеу және диспетчерлеу жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі күнге астанадағы 1 182 автобуc «Avtobys» төлем жүйесіне қосылды. Жалпы Астана қ. 1 200 автобус бар, оның 950 күнделікті жолға шығады.
Жаңа төлем жүйесіне өту барысында қаңтар айының басынан жаңа планшеттерде көлік карталарын «оқымау» туындаған еді. Қазіргі уақытта бұл қалыпқа келтірілді.
Назар аударыңыздар! Жолақысын көліктік картамен төлеу кезінде, картаны автобус салонындағы планшетке қозғалтпай 3 секунд ұстап тұру керек.
Картасы валидация жасалынбаған жолаушыларға да картаны 3 секундқа планшетке тигізуге ұсынамыз.
Естеріңізге саламыз, көлік картасының теңгерімін автобус салонындағы планшетте валидация жасау кезінде көруге болады.