03.02.2021

Көлік картасын жоғалтқан жағдайда не істеу керек?

Көлік картасын жоғалтқан жағдайда не істеу керек?

Мұндай жағдайлар, өкінішке қарай жиі кездеседі. Сондай-ақ теңгерімде пайдаланылмаған тарифтер немесе карта әмиянында ақша да қалып қоюы мүмкін.

Көлік картаңыз жоғалған немесе бүлінген жағдайда, карта теңгеріміндегі қаражатты сақтап қалудың сенімді әдісі - сіздің картаңызды cabinet.transcard.kz Жеке кабинетінде негізгі етіп тіркеу. Көлік картасы бұзылған жағдайда, теңгерімді немесе пайдаланылмаған тарифтерді қалпына келтіру үшін тек қана картаның өзін көрсетуге болады.

Содан кейін картадағы қалған қаражатты Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайы бойынша орналасқан Орталық касса арқылы алуға болады.

Маңызды! Карта жоғалған немесе бүлінген жағдайда, cabinet.transcard.kz мобильдік қосымшасында картаны негізгі ретінде тіркеген пайдаланушылар ғана көлік картасының теңгерімінен ақшаны шығарып ала алады.

Тізімге оралу

KZ  RU