21.04.2020

Көлік картасындағы теңгерімді белсендіру

Көлік картасындағы теңгерімді белсендіру

Өздеріңіз білетіндей, Transcard, Kaspi.kz және басқа мобильді қосымшалар немесе QIWI, Касса24 төлем терминалдары арқылы қашықтан толықтырылған төлемді 15 күн ішінде белсендіру қажет.
Көбіңіз төлемді картаға аударып үлгермеген шығарсыздар. Карантин аяқталғаннан кейін көлік картаңыздың нөмірін бізге жіберсеңіз, біз оны тексеріп, картаңызға ақшаны қайта аударамыз. 5 күннің ішінде төлем картаңызға түседі.
Естеріңізге саламыз, төлемді 15 күннің ішінде тағы да белсендіру керек.

Төлемді белсендіру тәсілдері:
- автобус ішіндегі валидатор;
- RTVM-автоматтар;
- кассалар.

Төлемді белсендіру үшін валидаторға немесе RTVM-автоматқа картаны қойып, 5-7 секунд ұстау қажет.
Белсендірілген барлық төлем мерзімсіз сақталады.

Тізімге оралу

KZ  RU