13.10.2022

Көлік картасының теңгерімді қалай аударуға болады

Көлік картасының теңгерімді қалай аударуға болады

Құрметті көлік карталарының пайдаланушылары!

Естеріңізге сала кетейік, сіздерге ыңғайлы болу үшін «Transcard» мобильді қосымшасының жеке кабинетінде көлік картасы жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайда қолданыстағы тарифтер мен теңгерімді аудару қызметі қолжетімді.

Ол үшін тариф пен теңгерімді аударым жасағыңыз келетін көлік картасы «Transcard» мобильді қосымшасының жеке кабинетінде Негізгі ретінде тіркелуі тиіс.

Әрі қарай, Негізгі картаны таңдау барысында «Теңгерімді аудару» дегенді басыңыз.

Осыдан кейін барлық қолданыстағы тарифтер мен «Негізгі көлік картасының» теңгерімі жаңа сканерленген көлік картасына аударылады және ол автоматты түрде Негізгі болады.

Ескерту! Жаңа көлік картасында қолданыстағы тарифтер мен теңгерім болмауы керек.

Тізімге оралу

KZ  RU